|
27.03.2020 | 09:53
1510

700-ге жуық полиция қызметкері жатақханаларға орналастырылды

Тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда қажетті жағдайлар жасалған

700-ге жуық полиция қызметкері жатақханаларға орналастырылды polisia.kz

700-ге жуық полиция қызметкері карантин кезеңінде Алматы қаласының жатақханаларына орналастырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаладағы карантиндік режимге байланысты, қауіпті вирус жұқпасының таралуын болдырмау мақсатында қаладан тыс жерде тұратын Полиция департаментінің қызметкерлері уақытша жатақханаларға орналастырылды.

“Біздің қаламыз карантин режимінде болғандықтан, кез-келген тұрғын жұқпалы аурудың қоздырғышы бола алады. Төтенше жағдайда құқық қорғау жүйесінің жұмысы күшейіп, полиция қызметкерлерінің халықпен байланысы жұмыстың ажырамас бөлігі болып табылады. Полиция жұмысының ерекшелігіне байланысты, қаланың сыртында тұратын тәртіп сақшыларын уақытша тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Мемлекет есебінен біздің қызметкерлерімізге уақытша тұрғын үйдің барлық қажетті жағдайлары жасалды. Карантин кезінде Алматының барлық полиция қызметкерлері казармалық режимде қалада болады”, – деді, Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Тәртіп сақшылары тұратын жатақханаларда қажетті жағдайлар жасалған. Полицейлер өз пікірлерімен бөлісті.

“Үйде үш балам, әйелім және анам қалды. Әрине, біз сағынамыз. Бірақ бұл қызмет және біз барлығымыз туысқандар алдындағы жауапкершілікті және өзімізге жүктелген міндеттерді түсінеміз. Тұрғын үй жағдайлары туралы шағымдар жоқ, бізде бәрі бар. Қажет болса, казармада, шатырлық лагерлерде де тұрамыз, ең бастысы – біздің еліміз тыныш және азаматтарымызға ештеңе қауіп төндірмесе болды”, – деді, Метрополитендегі Полиция басқармасының қызметкері Қуат Байшуақов.


Қазақстанда коронавирустан вакцина әзірлеу уақыты белгілі болды


Коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам Алматы қаласында тiркелді



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир