БҚО-да карантинге байланысты қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Коронавирусқа байланысты аймақтағы тұрақсыз жағдайды ескере отырып, демалыс күндері – 2020 жылдың 27 маусымында сағат 00:00-ден 29 маусымның 00:00 уақытына дейін мынандай қосымша шектеу шаралары енгізіледі:
1. Азаматтардың қозғалысы шектеледі, тек мынандай жағдайда рұқсат бар:
– тұрғылықты жерінен жұмыс орнына және керісінше, егер жұмыс орнынан үйіне баратындарға, онда да қолдарында анықтама қағазы (немесе қызметтік куәлік) болса;
– тамақ, дәрі-дәрмек және медициналық мақсаттағы бұйымдарды тұрғылықты жері мен жұмыс орнына жақын маңнан сатып алуға;
– медициналық ұйымға төтенше жағдай туындап бару керек болғанда;
– тұрғылықты үйінің маңайында үй жануарларын серуендетуге алып шығуға;
2. 65 жастан асқан адамдарға қатты қажеттіліксіз көшеге шығуына тыйым салынады;
3. Жұмысы тоқтайды:
– "онлайн сату" форматынан басқа сауда үйі, сауда орталығы, базарлар, сауда желілері;
– қоғамдық көліктердің жұмысы;
– саябақтардың, алаңдардың, жағажайлардың және басқа да демалыс орындары;
– фитнес орталықтар және басқа да спорттық нысандар;
4. Қоғамдық тамақтану орындарына тек қашықтық сақталған жағдайда және ашық, аспан асты форматында, отыратын, орындар саны 30-дан аспайтындарына ғана рұқсат етіледі;
2020 жылдың 24 маусымында сағат 00:00-ден бастап көлік құралдарының қозғалысы сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі аралықта шектеледі.