Коронавирус көрсеткіштерінің оң қарқыны карантин шараларын кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігін береді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Карантиндік шараларды жұмсарту бойынша әзірленген өлшемдерге сәйкес, министрлік инфекцияның репродуктивтік көрсеткішін – бір науқас оқшаулағанша ауру жұқтыратын адамдар саны және КВИ емдеу үшін инфекциялық стационарлардың төсек қорының жұмыспен қамтылу пайызын қадағалайды»,– деп атап өтті министр бүгінгі Үкімет отырысында.
Оның айтуынша, карантиннің 3 аптасында инфекцияның репродуктивтік көрсеткіші 1,2-ден 0,99-ға дейін төмендеді. Және төсек-орынның қамтылу пайызы 90%-дан 47%-ға дейін төмендеген.
«Осылайша, Денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жоғарыда көрсетілген оң қарқыны карантиндік шараларды кезең-кезеңмен жұмсарту мүмкіндігін береді», – деді Алексей Цой.