Польшада міндетті маска кию режимі енгізілмек

09.10.2020 15:06

Мұндай шешім елде коронавирус тасымалдаушылардың саны күн сайын өсуімен байланысты қабылданған

РИА Новости

Польшада 10 қазаннан бастап қайтадан маска кию режимі енгізілмек. Бұл туралы республиканың премьер-министрі Матеуш Моравецкий мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мұндай шешім елде коронавирус тасымалдаушылардың саны күн сайын өсуімен байланысты қабылданған. Сәрсенбі 3003 жағдай, бейсенбі 4280 жағдай тіркелген. Эпидемия басталғалы науқастардың саны 111 599-ға жеткен.

«Бұл үлкен цифрлар және біз оның санын азайтқымыз келеді. Біз 10 қазаннан бастап Польшаның барлық аумағында қазіргі "сары аймақтағы" ережелер енгізілетін болады», – деді Моравецкий баспасөз конференциясында.

Ол бүкіл елде "мұрын мен ауызды жауып жүру" міндетті болатынын атап өтті.

Айта кетейік, "қызыл" және "сары" аймақтарда COVID-19-ға байланысты басқа ереже мен шектеулер қабылданған.

Екі аймақта да мұрын мен ауызды тіпті ашық жерлерде де міндетті түрде жауып жүру керек. Польшаның басқа аймақтарында масканы тек жабық жерлерде киіп жүру керек. "Қызыл" аймақта мейрамхана, паб және барлар тек 06:00 мен 22:00 аралығында жұмыс істей алады, дискотекалар мен клубтар жабылған.

Биыл көктемде Польшада маска кию режимі енгізілген болатын, алайда бірнеше күннен кейін бұл ереже күшін жойған.