Елімізде коронавирустан емделіп жатқан 81 адамның жағдайы нашар

16.10.2020 в 16:38

12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі 16 қазандағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 2 618 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Оның арасында 107 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 042 науқас жатыр. 576 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 81 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 14 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 12 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.