|
01.10.2020 | 11:22
3117

Коронавирус жұқтырғандардың басты қатесі қандай – вирусолог

Бұл – ауырып жатқан адамның ең басты қателігі

Коронавирус жұқтырғандардың басты қатесі қандай – вирусолог ТАСС

Вирусолог коронавирус жұқтырғандардың негізгі қатесі өздігінен емделуі екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы "Ұлттық жаңалықтар қызметі" радиосының эфирінде Ұлттық эпидемиология және микробиология зерттеу орталығы Жасырын инфекция микробиология бөлімінің басшысы Виктор Зуев айқан.

"Егер жағдайыңыз нашарласа немесе емханаға бара алмасаңыз, дәрігерді үйге шақырыңыз, оның не айтатынын тыңдаңыз. Ешқашан өздігінен емделуге болмайды. Бұл – ауырып жатқан адамның ең басты қателігі", – деді Зуев.

Сондай-ақ, Ұлттық зерттеу институтының профессоры Анатолий Альштейн COVID-19 жұқтырған адам үйде емделуге болатынын айтты.

"Коронавирус инфекциясына байланысты жағдайдың көбінде оқшауланып, қажетті дәріні алып, үйде емделген жақсы. Тек ауыр жағдай болса, онда ол ауруханаға барғаны жөн", – деп түсіндірді ол.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир