|
05.04.2020 | 10:24
1302

Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Франция түрмелеріндегі адам саны 6 266-ға азайды

Францияда түрмеде отырған 6 мыңнан астам адам бостандыққа шықты

Франция COVID-19 пандемиясына байланысты түрмеде отырғандар санын қасқартып жатыр.  Бұл туралы RTL агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Наурыздың 16-сы мен сәуірдің 1-і аралығында Франция түрмелеріндегі адам саны 6 266-ға азайды. Мұндай игі қадамға елдің Әділет министрлігі бастамашы болып отыр. Бұған себеп – түрмеде отырған бір адам мен надзирательдің коронавирустан қайтыс болуы. Билік өкілдері пандемия түрмені жайлап кетуі мүмкін деп үрейленіп отыр.

Францияда бас бостандығынан айыру орындарында отырған адамдар өте көп. Жалпы алғанда елдің пенитенциарлық жүйесі 61 мың тұтқынды ұстауға жарайды. Ал 1 сәуірден бастап мемлекеттегі 188 түрмеде 66 309 адам отырған.

Жазаны орындау ұлттық қызметінің соңғы бағалаулары бойынша, сотталған 48 азаматтан коронавирус табылған, 925 адам оқшауландырылған, 300 адам екі апталық карантиннен шықты. Түрмелердегі 42 мың қызметкердің 114-нен қауіпті вирус анықталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир