|
05.04.2020 | 10:40
8052

Білім министрі тікелей эфирде ата-аналар мен ұстаздардың сұрақтарына жауап береді

Бүгінгі таңда әлем бойынша 1 млрд-тан астам оқушы қашықтан білім алуда

Білім министрі тікелей эфирде ата-аналар мен ұстаздардың сұрақтарына жауап береді Фото: ҚР БҒМ

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ведомствоның әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы тікелей эфирде ата-аналардың, ұстаздар мен мектеп директорларының сұрақтарына жауап береді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бүгінгі таңда әлем бойынша 1 млрд-тан астам оқушы қашықтан білім алуда.

Елдегі төтенше жағдайға орай, біз де осы жүйе негізінде білім беретін боламыз.

Қашықтан оқыту барысында телесабақтар, «Күнделік» электронды журналы, BILIMLAND, DARYN.ONLINE және тағы басқа интернет платформалары пайдаланылатын болады.

Әрбір мектеп өзіне ыңғайлы білім беру платформасын таңдай алады.

Қашықтан білім алу  – онлайн оқумен тең емес.

Қашықтан оқу барысында телеарналар, интернет-платформалар, электронды журналдар, пошта және мессенджерлер пайдаланылады. Оқушылардың тапсырманы қашықтан орындап, видео-сабақтарды бірнеше мәрте қайталап көруге мүмкіндіктері болады.

Телеарнада көрсетілген сабақтар ютубқа және білім беру интернет-платформаларына жүктеледі.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир