Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 37 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
25 сәуірдегі сағат 22:20-дағы эпидемиологиялық жағдай бойынша анықталған науқастар ішінде:
Түркістан облысында - 9, Алматы қаласында - 13, Ақмола облысында - 2, Нұр-Сұлтан қаласында - 7, Қостанай облысында - 4, Павлодар облысында - 2.
Сонымен, осы сағатта Қазақстан бойынша қауіпті індет жұқтырғандар саны 2601 адамға жетті.
Атап айтқанда: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 464 адам,
Алматы қаласында – 814,
Шымкент қаласында – 161,
Ақмола облысында – 89,
Ақтөбе облысында – 55,
Алматы облысында – 86,
Атырау облысында – 108,
Шығыс Қазақстан облысында – 16,
Жамбыл облысында – 103,
Батыс Қазақстан облысында – 103,
Қарағанды облысында – 113,
Қостанай облысында – 39,
Қызылорда облысында – 170,
Маңғыстау облысында – 26,
Павлодар облысында – 89,
Солтүстік Қазақстан облысында – 30,
Түркістан облысында – 98 адам.
Айта кетсек, қазіргі уақытта елімізде COVID-19 вирусынан жазылып шыққандар саны 646 адамға жетті. Өкінішке қарай, 25 адам көз жұмды.