Қазақстанда 333 бала коронавирустан емделіп жатыр

02.11.2020 17:46

Стационарларда 2 420 науқас жатыр

Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 2 қарашаға арналған коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 4 489 адам ем қабылдап жатыр. Оның арасында 333 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 150 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Толық көрсету