Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан 668 адамның жағдайы ауыр
РИА Новости
107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
26 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 31 232 адам коронавирус инфекциясынан (30 667 КВИ+ және 565 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Олардың ішінде 11 986 пациент стационарда, 19 246 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 668 адамның жағдайы ауыр,
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 107 науқас жасанды тыныс алу аппаратында аппаратында жатыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
02.10.2026 10:15
Алматыда Халықаралық қарттар күніне арналған фестиваль өтті
01.10.2026 20:15