Қытайда "омикрон" штамының он түрі анықталды

Қытайда "омикрон" штамының он түрі анықталды
"Омикрон" штамының басқа түрлері елдің Шанхай, Тяньцзинь, Циндао, Далянь, Ланьчжоу және Гуанчжоу сияқты қалаларында тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

6 шілде күні Қытайдың Сиань қаласында BA.5 "омикрон" штамын жұқтырудың жергілікті бірінші жағдайы расталғалғаннан бері, соңғы екі аптада құрлықтық Қытайда COVID-19 осы штамының 10 түрі анықталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Шілде айында құрлықтық Қытайда елде кеңінен таралып жатқан коронавирустың "омикрон" штамының 10 түрі анықталған. 6 шілдеде Сиань қаласында (Шаньси провинциясы, Солтүстік-Батыс Қытай) BA.5 "омикрон" штамын жұқтырудың алғашқы жергілікті жағдайы тіркелді. 

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, коронавирустың "омикрон" штамының басқа түрлері елдің Шанхай, Тяньцзинь, Циндао, Далянь, Ланьчжоу және Гуанчжоу сияқты қалаларында тіркелген. 

ҚХР Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының мәліметінше, сейсенбіде құрлықтық Қытайда коронавирусқа шалдығудың 700-ден астам жағдайы анықталды.

Новости партнеров