Коронавирус пен пневмониядан тағы 6 адам қайтыс болды
Zakon.kz
Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Төрт науқас коронавирус инфекциясынан, екеуі ковидтік пневмониядан көз жұмды.
Өткен тәулікте 242 адамда пневмония диагнозы расталды. 1 тамыздан бері пневмонияға шалдыққан пациенттер саны 30 579 адамға жетті, 337 науқас қайтыс болды.
Қазіргі уақытта 3 835 адам коронавирустан ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 40 бала бар. Стационарларда 1 967 науқас жатыр, 1 868 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Науқастардың арасында 100 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 13 науқастың хәлі мүшкіл деп бағалануда. 15 пациент жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
Алматыда 21-27 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 16:54
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.09.2026 13:40