Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров онлайн форматта коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі қалалық штабтың отырысын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv
Мегаполистегі қазіргі эпидемиологиялық ахуал, карантиндік шектеулердің сақталуын жүзеге асыру мәселелері қаралды.
Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ж. Бекшин жұқтыру деңгейінің төмендегенін хабарлады. Тәулік ішінде КВИ-дің 184 жағдайы тіркелді. Оның үстіне соңғы 7 күнде симптомды науқастардың үлес салмағы өткен жылғы 50%-бен салыстырғанда 83,2%-ды құрады, бұл жоғары патогенді мутациялы COVID-19 штаммының қоғамда таралғанын көрсетеді. Жұмыспен қамту тұрғысынан инфекциялардың 21%-ы түрлі ЖШС, ЖК, АҚ қызметкерлеріне тиесілі, сондықтан жұғудың таралуын болдырмау және ШОБ кәсіпорындарының жабылмауы үшін вакцина салдыру қажет.
Адамдар көп шоғырланған және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар сақталмаған жерлерде, қалалықтардың қоғамдық орындарда болуы салдарынан жұқтырудың барынша көп болатыны анықталды. Олар – базарлар, саябақтар, демалыс орындары мен СОСО және т.б. Мысалы, азық-түлік базарларында жұқтыру 8,9%-ға, азық-түлік дүкендерінде – 8,9%-ға, СОСО мен СҮ-де – 6,3%-ға өскен.
Осыған орай ахуалды әрі қарай тұрақтандыру үшін қала әкімнің орынбасары Е. Бабақұмаров адамдар көп жиналатын жерлерде мониторинг топтарының жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды. Атап айтқанда, базарларда, вокзалдарда, әуежай аумағында, сондай-ақ жазғы кезеңді ескере отырып, фонтандардың жанында, саябақтар мен алаңдарда. Санитарлық патрульдердің жұмысын ұйымдастыруға қатысты жеке тапсырмалар берілді.
Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын санитарлық шараларды сақтауға шақырады, өйткені инфекцияның жаңадан өршу қаупі жоғары, оның ішінде COVID-19 мутацияланған штаммдары тез енуі мүмкін. Бетперде тағу режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болу, сондай-ақ медициналық қарсы көрсетілімдер болмаса, COVID-19 вакцинасын алу өте маңызды.
Штаб отырысында мониторинг топтарының жұмыстары да қаралды. Алматыда жыл басынан бері мониторинг топтары 2600-ден астам тексеру жүргізді, 24 мыңға жуық нысандардың карантиндік шараларды сақтауы тексерілді, 2200-ден астам заң бұзушылық фактілері анықталды. Заңды және жеке тұлғаларға жалпы сомасы 320 млн теңге болатын 4,8 мыңға жуық айыппұл салынды, "әдейі” бұзушылар жайлы 75 материал сотқа берілді, олардың 54-і бойынша шешім қабылданды. Осы аптада, 31 мамыр-4 маусымға дейінгі аралықта қалада 815 нысан тексерілді, анықталған бұзушылықтар бойынша 6,2 млн теңгеге 56 хаттама толтырылды.
Қала әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаров Ashyq жобасына қатысты шектеу шараларын күшейтіп, бетперде режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау қажеттігін айтты.
Бүгінде осы жоба аясында Алматыда 1700-ден астам кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істейді. Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің деректері бойынша 24 қатысушының эпидемиологиялық талаптарды бұзылғаны анықталды. Оларға ескерту жасалды, егер заңды бұзу қайталанса, онда бұл субъектілер қатысушылар тізімінен 2 аптаға шығарылады, үшінші бұзушылық үшін екі ай мерзімге алынып тасталады.
Анықтама: келесі нысандарда заң бұзушылықтар анықталды:
1. Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 147, Daily кафесі;
2. Алатау ауданы, Бенберин к-сі, 83, "Табыс" кафесі;
3. Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 65а, Boulevard кафесі;
4. Алмалы ауданы, Панфилов к-сі, 125, "Льдинка" кафесі;
5. Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 187, "Чечел паб" кафесі;
6. Алмалы ауданы, Сейфуллин даңғылы, 472, Seven Cyber Sport компьютерлік клубы;
7. Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 187, "Восточный квартал" кафесі;
8. Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы 94, "Манго суши" мейрамханасы;
9. Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 200а, "Буханка" кафесі;
10. Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 122/69, AstralCyberZone компьютерлік клубы;
11. Алмалы ауданы, Абылай хан даңғылы, 123, Dali кафесі;
12.Алмалы ауданы, Абай даңғылы, 91а, «Дегирмен» кафесі;
13. Әуезов ауданы, ш / а Жетісу-4, 31, "Веселидзе" кафесі;
14. Әуезов ауданы, ш / а Ақсай 4, 90а, караоке "Оскар”;
15. Медеу ауданы, Достық даңғылы, 89г, Friendly лаундж-кафесі;
16. Медеу ауданы, Уәлиханов к-сі, 170, “Бармаглот” бары;
17. Медеу ауданы, С. Нұрмағамбетов көшесі 232, Offtop Club мекемесі;
18. Медеу ауданы, Достық даңғылы 52/2, Echo мекемесі;
19. Медеу ауданы, Замартас к-сі, 117, Tau Park тау шаңғысы базасы;
20. Медеу ауданы, Қайырбеков к-сі, 62а, Sham мейрамханасы;
21. Медеу ауданы, Сәтпаев к-сі, 10, Social Coffee кофеханасы;
22. Медеу ауданы, Назарбаев даңғылы 226, Kowloon bar бары;
23. Медеу ауданы, Барибаев к-сі, 36, "Барибаев үйі" коворкинг орталығы;
24. Түрксіб ауданы, Ақан Сері көшесі 75, "Симфония" кафесі.
Еске салсақ, ҚР мемлекеттік Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қатысушылар Ashyq жобасынан келесі мәселелерді негізге ала отырыпшығарылады:
1) мониторинг топ нысанда тиісті талаптардың бұзылғанын анықтаса;
2) Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (әрі қарай ВАК) шешімі негізінде;
3) 2 апталық жүктеу нәтижелері бойынша объектінің ВАК белгілеген QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркеуінің аз санын өткізбеу фактісін анықтау.
QR-код (check-in) бойынша келушілерді тіркейтін ең аз саны бар "Ashyq" жобасына қатысушыларға қатысты ЖАО:
1) алдын ала ескерту;
2) мониторингтік топ анықтаған қолданыстағы жұмыс алгоритмін бұзу қайталанса, онда қатысушы жобадан 2 аптаға шығарылады.