Қазақстанда бір күнде 158 науқас коронавирустан қайтыс болды

08.07.2021 15:33

Оның ішінде 128 адам – коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған

Аlmaty.tv

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан көз жұмғандарға қатысты соңғы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

5 тамыз күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан аумағында 128 адам – коронавирустан, тағы 30 адам – коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

Еске сала кетсек, КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 871 адамның жағдайы ауыр, 416 пациенттің жағдайы өте ауыр, 191 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.