Маңғыстау облысында карантин күшейтілмек
inform.kz
Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Маңғыстау облысында карантин күшейтіледі, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
13 қазан 00.00 сағаттан бастап Маңғыстау облысында карантин талаптары күшейтіледі.
Облыстың бас санитар дәрігерінің 28 тамыз күні шыққан қаулысына өзгерістер енгізілгені айтылады.
«Жаңа талаптар бойынша, енді тамақтану орындары, дәмханалар мен ірі супермаркеттер жұмысы 21.00-ге дейін қысқарады.
Қоғамдық көліктер сенбі, жексенбі күндері жұмысын тоқтатады.
Фитнес орталықтары мен жаттығу залдарының жұмысы тоқтатылады.
Азық-түліктен басқа барлық базардың жұмыс уақыты 16.00-ге дейін қысқарады.
Той мен ұжымдық шараларға рейд күшейтіледі», – делінген хабарламада.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
28.10.2026 08:11
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
27.10.2026 09:40
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
28.10.2026 11:06
Жалақы уақытында берілмесе қайда шағымдану керек
28.10.2026 21:47