Академик, экономист-ғалым Кенжеғали Сағадиев дүние салды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Қаралы хабарды марқұмның отбасы мәлім етті.
«25 шілде күні 82 жасында академик Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев көз жұмды. Өкінішке қарай, індет біздің отбасымызға да жетті. Жерлеу рәсімі тек отбасы мүшелерінің қатысуымен өтеді. Барлық қоштасу шаралары бір жылдан кейін, 2021 жылы 25 шілдеге жоспарланған. Бұл - оның соңғы өсиеті» делінген хабарламада.
Кенжеғали Әбенұлы Сағадиев 1938 жылы 18 ақпанда Қостанай облысының Жангелді ауданында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы (1977), профессор (1978), ҚР ҰҒА академигі (1994), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым мен техника қайраткері (1996). 150-ден астам ғылыми еңбегі жарық көрген.