Корея Халық Демократиялық Деспубликасының Оңтүстік Кореямен шекарасында орналасқан Кэсон қаласында алғаш рет коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Инфекцияны 19 шілде күні Корея Республикасынан оралған «қашқын» алып келді деген күдік бар.
CCTV арнасының мәліметінше, пациенттің тыныс алу жолдары мен қан талдауын тексерген соң мамандар оны коронавирус болуы мүмкін деген болжам айтқан. Корея орталық телеграф агенттігінің ақпаратына сенсек, сенбі күні Корея Еңбек партиясы орталық комитеті саяси бюросының кеңейтілген мәжілісінде ҚХДР көшбасшысы Ким Чен Ын аталған аймақта төтенше жағдай режимін жариялаған.
Сондай-ақ мемлекеттің эпидемияға қарсы күрес жүйесі барынша мығым дайындыққа көшті. 24 шілде күні Кэсон қаласында локдаун режимі енгізіліп, оның аудандары бір-бірінен оқшауланды.
Коронавирус жұқтырды деген күдікті науқас қазір карантинде жатыр. Онымен байланыста болған барлық адамдар және таяуда Кэсонға барған тұрғындар анықталып, есепке алынып жатыр.