Екі мегополис пен төрт облыс «қызыл» аймақта тұр

13.05.2021 15:39

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта орналасқан

Фото: kazlenta.kz

13 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары. ⠀

«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары.⠀ 

«Жасыл» аймақта: Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары. 

Қазақстан Республикасы «сары» аймақта орналасқан.