«Бурабай» ұлттық табиғи паркінде демалушылар санының күрт көбеюінен, енді шипажайға бару үшін блокбекеттер қойылатыны туралы ұсыныс жасалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.
Демалушылар санының күрт көбеюінен, ине шаншар жер жоқ. Демалушыларға көлге түсуге тыйым салынған тақтайша тұрса да, елемей суға түсе бере дейді жергілікті басшылық.
Басшылықтың айтуынша, олар медициналық-санитарлық нормаларды сақтамайды. Жергілікті полиция өкілдері тиісті шараларды қолданғанымен, мұнымен туристерді қорқыту мүмкін еместігін атап өтті.
Тиісті шараларды қолдану негізінде, көпшілігі ауызша ескертулермен шектеліп қалады. Олардың тек 8-іне ғана айыппұл салынған.
«Енді демалушылардан жазбаша түсініктеме аламыз. Жеке куәліктерінің көшірмесін алып, әкімшілік тізімге тіркейміз. Кейін оны Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің тізіміне қосамыз», – дейді Бурабай ауданы әкімі аппаратының басшысы Қасымхан Мәжіков.
Сонымен қатар Бурабай ауданының бас санитарлық дәрігері Сералы Жолдаспаев:
«Адамдар аурудың қаншалықты қауіпті екенін әлі күнге дейін түсінбей жүрген сияқты. Сондықтан блокбекеттер қою арқылы адамдардың көбірек шоғырлануын, яғни аурудың белең алуын тиямыз. Ал демалушылардың жауапкершілігіне сенуден қалдық», – дейді ол.