Індеттен қорыққан танымал теннисшілер US Open турниріне қатысудан бас тартты
Жарыс 31 тамыз күні басталады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
31 тамыз күні үлкен теннистен US Open турнирі басталады. Алайда, көптеген танымал спортшылар індет кезінде жарысқа қатысудан бас тартып отыр, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
Атап айтар болсақ, US Open турнирінің төрт дүркін
жеңімпазы Рафаэль Надаль вирус жұқтырудан қорқып, жарысқа қатысудан бас тартты. Сондай-ақ, 2016 жылғы
жеңімпаз, швейцариялық Станислас Вавринка мен оның әйгілі отандасы Роджер
Федерер де турнирден сырт қалмақ.
Федерер жарақатына байланысты АҚШ-тағы жарысқа
бара алмайды. Ал Вавринка коронавирустен қауіптенеді.
«Қазіргідей кезеңде АҚШ-қа барғым келмейді. Нью-Йоркте коронавирус әлі де басылған жоқ. Карантинге қатысты да сұрақтар бар. Індет кезінде жарыс ұйымдастыру көп күдік тудырады», – дейді Вавринка.
Әлемнің 9-ракеткасы Гаэль Фонфис, италиялық Фабио Фоньини, австралиялық Ник Кирьостар турнирден тыс қалмақ. Ұйымдастырушылар биылғы турнирді көрерменсіз өткізуді жоспарлап отыр.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
15.09.2026 18:10
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
16.09.2026 09:01
15 қыркүйекке арналған валюта бағамы
15.09.2026 09:04
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37
Алматының 120 спортшысы XX жазғы Азия ойындарына қатысады
15.09.2026 09:35