Коронавирустан көз жұмған әйелмен байланыста болғандардың тест нәтижесі жарияланды
Фото: ашық дереккөзден
Марқұммен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған адамдардың тест нәтижесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Жедел штабтың Телеграмм парақшасына сілтеме жасап.
Алматы облысында коронавирустан көз жұмған әйелмен қарым-қатынаста болған 7 адам анықталды. 27 наурыз күні түнде 4 адамның тест сынамаларының нәтижесі шықты. Олардың коронавирус жұқтырмағаны анықталды. Алайда олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Қалған адамдардың тест нәтижесі әлі дайын емес.
Естеріңізге салсақ, 26 наурыз күні елімізде әйел адам коронавирус дертінен көз жұмған еді. Ол – Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны. 13-17 наурыз аралығында Алматыда және Шуда қонақта болған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
01.10.2026 08:10
Алматы Жапонияның туристік нарығымен ынтымақтастықты кеңейтіп келеді
01.10.2026 10:55