|
14.03.2020 | 10:48
4251

Еуропа короновирус пандемиясының эпицентріне айналып отыр

Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясын 143 мыңнан аса адам жұқтырып, оның 5000-ы көз жұмды

Еуропа короновирус пандемиясының эпицентріне айналып отыр Global Look Press/Keystone Press Agency/Miguel Candela

Мұндай мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус жасады. Оның айтуынша, Еуропада соңғы уақытта инфекция жұқтырғандар мен өлім-жітім саны күрт өскен, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

Мәселен, Италияда 15 мың адамнан вирус анықталыпты. Бір тәулік ішінде 250 адам көз жұмған. Коронавирус бас-аяғы 1000-нан аса адамды ажал құштырды. Германия мен Францияда мектеп пен балабақшалар жабылып жатыр. Ал Чехияда 13 күндік төтенше жағдай жарияланды. Словакия мен Австрия арасындағы шекара күшейтілді.

Сондай-ақ, Төтенше жағдай режимі АҚШ-та да енгізілді. Мұндай шараға билік коронавируспен күресте федералды көмек алу үшін барып отыр. Есте болса, 44 штатта 2000-нан аса адамның ауру жұқтырғаны анықталды. Сонымен қатар,  АҚШ Президенті Еуропадан келетін әуе рейстерін кіргізуге тыйым салды.

Керісінше коронавирус тарап бастаған Қытайда жағдай біршама тұрақталған. Аспан асты елінде бір күнде тек 11 жаңа дерек тіркеліпті. Ал ауру жұқтырғандар саны 81 мың адамға жетті.

Жалпы, әлемде COVID-19 инфекциясын 143 мыңнан аса адам жұқтырып, оның 5000-ы көз жұмды. Қазір коронавирус әлемнің 130 елінде тіркелді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир