Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 17 адам тіркелді

Түркістан облысында коронавирус жұқтырған 17 адам тіркелді
Қазіргі уақытта өңірде вирус жұқтырғандар саны 332 адамға жетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

«Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Түлкібас ауданының 1992 жылғы, Сайрам ауданының 1998 жылғы, Мақтаарал ауданының 1950, 1977 жылғы, Төлеби ауданының 1988 жылғы, Түркістан қаласының 1951, 1990, 1991, 1992 жылдары туған тұрғындарынан анықталды», - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Түркістан қаласының 1952, 1956, 1981, 1989, 2001, 2013, 2015, 2018 жылғы тұрғындарының сынамасы олардың да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.

Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны — 332, жазылып шыққандар саны 182-ге жетті.

Новости партнеров