Алматылықтар коронавирусқа тегін тест тапсыра алады

forbes.ru
forbes.ru
Тегін экспресс-тест сәуір айында қолжетімді болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сәуір айынан бастап «Олимп» клиникалық-дианостикалық зертхана желілерінде коронавирусқа тегін экспресс-тест тапсыруға болады. Аталмыш қызметті жылдамырақ алуға мүмкіндігі бар бірнеше басым топ қарастырылып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алғашқы басымдық берілетін топқа пациенттермен тікелей байланыс жасайтын медициналық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, карантин енгізілген аймақтарда халыққа қызмет көрсетумен айналысатын полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, әскерилер және т.б. кіреді.

Одан кейінгі басымдық берілетін топқа бұрын, яғни 2019 жылдың қараша-желтоқсан айлары мен 2020 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында вирустық аурулармен ауырған адамдар кіреді.

Сонымен қатар, коронавирусқа экспресс-тестті еріктілер де тапсыра алады.  


Новости партнеров