|
05.09.2020 | 10:52
993

Украина қаржы министрі COVID қорынан қанша ақша кеткенін айтты

COVID-19-бен күрес қорынан қаражаттың шамамен 30%-ы жұмсалды

Украина қаржы министрі COVID қорынан қанша ақша кеткенін айтты РБК

COVID-19 инфекциясымен күресте тиімділік мәселесі жоқ, Украина індетпен күресте барлық ресурстармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл мәлімдені Украинаның қаржы министрі Сергей Марченко жасады.  

COVID-19-бен күрес қорынан қаражаттың шамамен 30%-ы жұмсалды. 

Министрдің айтуынша, қордағы ақша Украинаның коронавирус инфекциясының таралуына қарсы күресуі үшін жеткілікті.

«66 миллиард гривеннің тек 19 миллиард гривені ғана пайдаланылды», - деді министр.

Марченконың айтуынша, қор қаражаты түрлі бағыттарға бағытталған.

«Кейбір бағыттар бойынша қаржы  тиімсіз пайдаланылса, біз оларды өзге салаларға қайта бөле аламыз», - деді ол.

Министр індетпен күресте қаражатты үнемдеу мәселесі жоқ екенін айтты.

COVID  қорындағы ақша жетпесе, біз басқа бағдарламалардан қайта бөлеміз, ресурсты бюджеттің кіріс бөлігі есебінен табамыз, өйткені бюджеттің кіріс бөлігі қазір артығымен орындалуда, - деді министр.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир