|
Jol
07.09.2020 | 15:53
3440

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды

Баланың жағдайы жақсы

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды polisia.kz

Жаяу патрульдегі АЖӘЖ сарбазы 14 жасар баланы судан құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бір күн бұрын Алматы қаласының Алмалы ауданында кәмелетке толмаған баланы құтқарды.

«14 жастағы Роман және оның достары Есентай өзенінің жағасында болды. Бала парапеттің екінші жағына өтпек болды, бірақ, өкінішке орай, сүрініп, суға құлап түсті. Осы сәтте бұл аймақта тәртіпті қадағалау үшін жедел әрекет ету отрядының инспекторы Асқар Тортай мен учаскелік инспектор Руслан Қалиев қызмет етіп жүрген. Суға батып бара жатқан баланы көрген аға лейтенант Тортай бірден суға секіріп, Романды шығарып алды. Бақытымызға орай, қазір балада бәрі жақсы. Ол ата-анасына тапсырылды, – деді, Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының бірінші орынбасары, Нұрлан Алмасбеков.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир