Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы соңғы 24 сағатта 300 мыңға жуық коронавирус жұқтыру дерегін тіркеді. Бұл пандемия басталғаннан бергі бір тәулік бойынша рекордтық көрсеткіш, деп хабарлады Almaty.tv тілшісі Baq.kz порталына сілтеме жасап.
ДДСҰ
рекордтық көрсеткіш туралы 15 тамызда сенбі күні кешке хабарланды. Сарапшылардың айтуынша, вирустың жұғуына қатысты
көрсеткіштің көп бөлігі статистикаға енбей қалады. Өйткені вирусты анықтайтын тест жасамайтын мемлекеттер де бар.
ДДСҰ мәліметі бойынша, 24 сағат ішінде 294 мың
адам коронавирус жұқтырған. Бұл 31 шілдедегі алдыңғы рекордтан 2 мыңға артық.
Жұқтыру дерегі көп тіркелген елдер қатарында АҚШ, Бразилия, Үндістан бар. Індет
басталғаннан бері 21 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 755
мыңнан астам адам қайтыс болған.