Италияда COVID-19 жұқтыру көрсеткіші өсті

стоп-кадр
стоп-кадр
Бұл демалыс күндері елде Феррагосто мерекесі өтіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Италияда мамыр айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың бәрі тәулік ішіндегі ең үлкен өсімі тіркеліп, осыған байланысты елде жаңа шектеу енгізіліп жатыр. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.  

Бұл демалыс күндері елде Феррагосто мерекесі атап өтілуде, жергілікті тұрғындар оны дәстүр бойынша теңізде мерекелейді. Коронавирус көрсеткішінің нашарлауына байланысты Адрия теңізі жағалауындағы Езоло курорт қаласында полиция әлеуметтік қашықтық ережесінің сақталуын қадағалап жүр. Италияның көптеген қалаларында инфекцияның таралуына қарсы күрес бойынша қосымша шаралар қолданып жатыр. Калабрияда 7 қыркүйекке дейін барлық ғимараттарда, сонымен қатар ашық ауада өткізілетін би кештеріне тыйым салынды. Анциода жағажайға түнгі уақытта баруға тыйым салынды. Сан-Феличе-Чиркесо мен Амальфи көшелерінде маска тағып жүру міндеттелді, ал Капри аралында бұл бұрынғыдай тек кешке емес, күндіз де талап етіледі. Шетелге турист ретінде барған итальяндар коронавирус жұқтырып келгендіктен, бірқатар билігі Хорватия, Грекия, Испания және Мальтадан қайтып оралған барлық азаматтар міндетті түрде COVID-19 инфекциясына тест тапсырады.

Новости партнеров