Қарағанды облысында бір тәулікте 49 адам коронавирус табылды

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Облыста коронавирус инфекциясын жұқтырған 754 адам тіркелген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қарағанды облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 49 адам тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 49 адамда COVID-19 вирусы анықталды, тіркелген жағдайлар скрининг барысында және вирусты жұқтырған адаммен жақын байланыста болғандарды тексеру нәтижесінде анықталды.

«Атап айтсақ, Қарағанды қаласында – 32 адам, Теміртау қаласында – 6, Саран қаласында – 5, Жезқазған қаласында – 1, Шет ауданында – 5 адам анықталды. Барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, ем алып жатыр. Ауру ошақтарында дезинфекциялық шаралар жүргізілді.

Қазіргі таңда облыста коронавирусты жұқтырған 754 адам тіркелген, оның ішінде 3 адам қайтыс болған және 204 науқас жазылып шыққан.

Новости партнеров