Өткен тәулікте Қазақстанда 234 адамнан пневмония анықталып, 2 адам қайтыс болды

02.10.2020 17:02

Жазылып шыққандар саны 27 337-ге жетті

көрнекі сурет

Өткен тәулікте Қазақстанда 234 адамнан пневмония анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 234 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 95 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 33 212, 357 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 27 337-ге жетті", – делінген хабарламада.

Еске салайық, бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 108 044-ке жетті.