|
Qoǵam
16.08.2020 | 11:35

Карантин жеңілдетілгеннен кейін не нәрсеге шектеу болады

ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетованың қаулысы шықты

Карантин жеңілдетілгеннен кейін не нәрсеге шектеу болады Фото Павла Михеева

ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова №43 қаулысына өзгерістер еңгізді деп хабарлайды Almaty.tv.

Қаулыны назарларыңызға ұсынамыз:

  Не нәрсеге шектеу болады?

-қала маңындағы жолаушылар поездарының (электр поездарының) қозғалысын тоқтата тұруды;

-жұмыс поездарын қоспағанда, жолаушылар поездарының құрамында жалпы вагондарды жасақтауды болдырмауды қамтмасыз етсін.

-қалааралық автобус, шағын автобус тасымалдарын тоқтата тұруды;

-көрермендер қатысатын, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде өкізілетін және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

-ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлардың, букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

-барлық мәдениет объектілерінің (театрлар, концерт залдары, мұражайлар, көрмелер және т. б.) қызметіне тыйым салуды;

-діни объектілердің (мешіттер, шіркеулер, жиындар, синагогалар және т. б. қызметін тоқтата тұруды;

-балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

-кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды қамтамасыз етсін. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің кезекші топтарының қызметіне 15 адамнан аспайтын топтарды жинақтау сақталған кезде, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған жағдайда жол беріледі;

-фудкорттардың, банкет залдарының қызметіне тыйым салуды;

-бассейндердің, қалалық, қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің қызметіне тыйым салуды;

  Демалыс күндері не нәрсеге шектеу болады?

- қоғамдық көлік қозғалысын шектеу;

- 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу;

- сауда-ойын-сауық орталықтары ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлерін, сауда желілерінің жұмысын тоқтата тұру;

- азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарлардың жұмысын тоқтата тұру;

- сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің жұмысын тоқтата тұру;

- фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;

- қоғамдық моншалардың, сауналардың жұмысын тоқтата тұру;

- балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің жұмысын тоқтата тұру;

- ашық ауада аттракциондардың жұмысын тоқтата тұру  бойынша шектеу шараларын енгізуді қамтамасыз етсін.

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттері, облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының полиция департаменттері қызметіне рұқсат етілген объектілерде карантиндік шаралардың, санитариялық-дезинфекциялық режимнің сақталуын бақылауды қамтамасыз етсін. Бұзушылықтар анықталған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске сәйкес тиісті әкімшілік шаралар қабылдансын.

 Осы қаулы 2020 жылғы 17 тамызда 00 сағат 00 минутта күшіне енеді.


Bólisý

‡агрузка...

Жаңалықтарды қалт жібермеңіз!