Бүгін Павлодар облысында коронавирус инфекциясынан екінші өлімі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Павлодар қаласының тұрғыны 57 жастағы ер адамда коронавирус инфекциясы ағымдағы жылдың 23 сəуіріндегі тест нəтижесіне сәйкес анықталған. Ер адам инфекциялық госпитальға жатқызылған.
«COVID-19 сәуір айының 23-і күні Павлодар қаласының 57 жастағы тұрғынынан табылды. Ер адам инфекциялық стационарға жатқызылды. Оның жіті бронхит диагнозы болды. Науқастың жағдайы ауырлықтың орташа дәрежесі ретінде бағаланды. Пациент 2-типті қант диабетімен есепте тұрды», - делінген хабарламада.
26 сәуірде жағдайының нашарлауына байланысты ер адам жұқпалы госпиталдің реанимациялық бөліміне ауыстырылды.
Күн сайын республикалық мамандармен кеңес өткізілді.
29 сәуірде ер адамда тыныс алу жетіспеушілігінің өсуі тіркелді. Осыған байланысты ол ӨЖЖ аппаратына қосылды.
2 мамырда науқастың жағдайы күрт нашарлады. Кеңес алу үшін Нұр-Сұлтан қаласының кардиохирургы шақырылды.
«Реанимациядан кейінгі кезеңде емделушіде жүрек-тыныс алу және бүйрек жеткіліксіздігі өршiдi. Жүргізілген қарқынды терапияға қарамастан, пациенттің жағдайы нашарлады. Емдеу ҚР ДСМ диагностикалау және емдеу хаттамасына сәйкес жүргізілді. 6 мамыр күні сағат 20:40-та ер адамның биологиялық өлімі анықталды», - делінген ақпаратта.