Американың Google корпорациясы коронавирусқа қатысты расталмаған ақпаратты таратып жүрген сайттардың жарнамасын бұғаттайды. Бұл туралы Almaty.tv тілшісі, ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Аталмыш компанияда адамдар үшін қауіпті, жалған медициналық теорияларды келтіретін ресурстар жарнамасын бұғаттайтын арнайы саясат іске қосылған. Осылайша, пандемия кезінде Google осындай ақпарат таратқан 200 млн-нан астам жарнаманы анықтап, бұғаттады. Алайда Google басшылығы коронавирус туралы расталмаған ақпаратты таратып жүрген ресурстар жарнамасынан түскен шығынның жыл соңына қарай 19 млн долларды құрай алатынын есепке ала отырып, қосымша шаралар қабылдауды шешті.
Осыған байланысты, тамыз айынан бастап, COVID-19 вирусына байланысты конспирологиялық теорияларға арналған ресурстарға ерекше көңіл бөлінетін болады. Олардың қатарына, мысалы, американдық технологиялық корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтстің коронавирусқа қарсы вакцина түрінде адамдарға микрочиптерді ендіру туралы ақпарат жатқызылады.
Жаздың басында ол бұл жорамалды «өте ақымақ және біртүрлі» деп атаған. Google-де бұғатталатын жарнамалық сипаттағы ақпарат автоматтық режимде, сондай-ақ компания қызметкерлері тарапынан бақыланады.