Қазақстанда бір тәулік ішінде пневмонияның 231 жағдайы тіркелді

25.09.2020 18:32

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап. 

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 231 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 109 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31991, 347 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 26914 жетті.