Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды
Республика бойынша індетке шалдыққан 30 мыңнан аса науқас стационарларда емделіп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Ведомство 6 тамыздағы мәлімет бойынша тіркелген қайғылы жағдайлар санын жарияланды. Елімізде коронавирустан 122 адам қайтыс болды. Оның 105-сі КВИ+, 17-сі КВИ-. Пациент өлімі елордада көп, қалада 20 адам қайтыс болған, Алматыда – 19, Шымкентте – 18 науқас көз жұмған.

8 тамыздағы мәлімет бойынша, 111 239 адам коронавирус инфекциясынан (–107 348 + және 3 891 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 633 пациент стационарда жатыр, 80 606 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 918 адамның жағдайы ауыр, 405 пациенттің жағдайы өте ауыр, 196 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.  


Новости партнеров