Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 4 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте 3 адам COVID-19-дан, ал 1 адам ковидтік пневмониядан көз жұмды.
Бір тәулікте 52 адамда коронавирус диагнозы расталды, 38 адам пневмонияға шалдықты.
13 наурыздан бері республика бойынша барлығы 107 775 адамда коронавирус анықталды. 1 725 адам қайтыс болды.
1 тамыздан бері 32 490 адам пневмонияға шалдықты, 350 науқас көз жұмды.
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 3 314 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 46 бала бар. Стационарларда 1 827 науқас жатыр. 1 487 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 94 адамның жағдайы ауыр. Соның ішінде 15 пациенттің хәлі мүшкіл деп бағалануда. 23 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.