Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметі 2021 жылғы 13 сәуірдегі коронавирус инфекциясының таралуы бойынша жаңа мәлімет жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
2021 жылдың 12 сәуір күні коронавирустық инфекцияның 598 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 507 симптомдық белгілері бар және 91 симптомсыз.
Бір тәулік ішінде – 337 науқас қабылданды, барлық стационардан 528 науқас шығарылды. Барлық инфекциялық стационарларда (6 100 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 3 665 адам (98 бала – жеңіл және орта дәрежеде) ем алуда, оның ішінде ересектер ауыр түрде – 751, ауырлықтың орташа дәрежеде – 3 004. Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде – 229.
ӨЖЖ – 36, инвазивті емес ӨЖЖ – 77, High flow-да 81 аппарат жұмыс істейді.
«Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 11 130 адам вакцинация алды.
01.02.2021-12.04.2021 жыл аралығында қала бойынша барлығы 86 790 адам вакцинацияланды.
Алматы қаласының аудандары бойынша вакцинация алған тұрғындар туралы ақпарат:
Алатау ауданы – 6 390 адам
Алматы ауданы – 19 085 адам
Әуезов ауданы – 13 240 адам
Бостандық ауданы – 17 600 адам
Жетісу ауданы – 3 205 адам
Медеу ауданы – 12 110 адам
Наурызбау ауданы – 4 785 адам
Түрксіб ауданы – 10 375 адам.
Алматы қаласында вакцинация жоспарға сәйкес жүргізілуде және 11.04.2021-23.04.2021 ж. уақыт аралығында КВИ қарсы иммундау 100 000-нан астам адамға жоспарланған», – делінген хабарламада.