|
25.08.2021 | 11:34
764

Мутацияланған «дельта» штаммы бүкіл әлемге таралып жатыр

SARS-COV-2 мутацияланған «дельта» штаммы бүкіл әлемге таралып жатыр

Мутацияланған «дельта» штаммы бүкіл әлемге таралып жатыр stan.kz

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирустың бұл модификациясы тағы 15 елде анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Сонымен қатар, Швецияның Уппсала қаласында қосымша мутациясы бар жаңа «дельта» штаммы тарала бастады.

«Пандемия басталғаннан бері «дельта» инфекциясы 163 мемлекетте тіркелді, «альфа» штаммы - 192 елде, «бета» нұсқасы - 141 мемлекетте, «гамма» түрі - 86 елде расталды», – делінген хабарламада.

Жапония үкіметі коронавирустың таралуына байланысты карантиндік шектеу ережелерін қатаңдатуға мәжбүр, елдің тағы сегіз аймағында төтенше жағдай режимі енгізіледі.

Бұл шектеулер қосымша Хиросима, Хоккайдо, Мияги, Айчи, Гифу, Мие, Окаяма және Сига префектураларын қамтиды.

Аталған аумақтарда төтенше жағдай 27 тамыздан бастап енгізіледі және 12 қыркүйекке дейін жалғасады. Шектеу шаралары Жапонияның 47 префектурасының 21-іне таралады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир