Ел тұрғындарының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр
Филиппин президенті Родриго Дутерте ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы вакцинаны таңдауға тыйым салды,деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Родриго Дутерте ешкім нақты қандай вакцина салдырғысы келетінін айтпауы керек.
«Барлық вакцина тиімді. Ешқандай кемсіту болмайды. Вакцинаны таңдай алмайсыз, себебі бәрі бірдей»,– деді Филиппин президенті.
Оның сөзінше, ел тұрғындарының көбі Pfizer және Moderna вакцинасын күтіп жүр. Президент үкімет ешкімді әлеуметтік статусына байланысты бөлмейтінін, бұл мәселеде бәрін бірдей қарайтынын айтты.
Айта кетейік, Филиппинде Moderna және ресейлік «Спутник V», сондай-ақ Pfizer, AstraZeneca, қытайлық Sinovac және үндістандық Bharat Biotech және Janssen вакцинасын қолдануға рұқсат берілген.