2021 жылдың 24 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекцияның 348 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 303 симптомдық белгілері бар және 45 симптомсыз, деп хабарлайды Almaty.tv Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Барлық емделіп шығарылғандар – 55, келіп түскені – 58.
Барлық инфекциялық стационарларда (6 060 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 243 адам (оның ішінде 72 балалар).
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 164.
ӨЖЖ – 23, инвазивті емес ӨЖЖ – 66, High flow-да 51 аппарат жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда БМСК мен Телемедицина орталығының мобильді топтарымен бірге үй жағдайында 2 446 науқас бақылауда, олардың ішінде жеңіл және орташа ауырлық дәрежесінде 2 134, симптомсыз 312 науқас бар.
ВАКЦИНАЦИЯ
Алматы қаласы бойынша бір тәулік ішінде 2 340 адам вакцинация алды.
Қытайлық Sinopharm вакцинасының бірінші компонентін 11 034 адам алды.
Енді қазақстандықтарда үш препараттың ішінен КВИ-ға қарсы вакцинаны таңдау мүмкіндігі бар.
Бүгінгі таңда Алматыда медициналық ұйымдарда, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарларда және қаланың СОСО-да 211 вакцинация пункті жұмыс істейді.
307 вакцинация бригадасында 1 256 медицина қызметкерлері жұмылдырылды.