|
13.01.2021 | 11:37
2461

Қытайда коронавирус қайта өршіп жатыр

22 миллионнан астам тұрғын коронавирустың қайта өршуіне байланысты оқшауландырылды

Қытайда коронавирус қайта өршіп жатыр www.news.cn

Бейжіңге көршілес жатқан Хэбей провинциясының үш қаласындағы 22 миллионнан астам тұрғын коронавирустың қайта өршуіне байланысты оқшауландырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Хэбей провинциясында COVID-19-дың өршуіне байланысты Шицзячжуан, Синтай және Ланфан қалалары оқшауландырылды. Бұл шаһарларда тұратын халық саны 22 миллионнан асады. Қытайда 2021 жылдың басынан коронавирустың жаңа жағдайлары күрт артты. Індетті ең көп жұқтырғандар Шицзячжуан қаласында тіркелді. 11 миллион тұрғыны бар Шицзячжуанда сейсенбіден бастап халықты жаппай тестілеудің екінші кезеңі басталды. Қытай билігі Хэбей провинциясының басқа қалаларының тұрғындарына Бейжіңге бармауға кеңес беріп отыр. Жалпы, биылғы жылдың 2 қаңтарынан бастап Хэбей провинциясында коронавирус 400-ден астам адамда расталған және 200-ден астам симптомсыз тасымалдаушы анықталған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир