Павлодарда 1 жасар сәби мен 92 жастағы ақсақал індет жұқтырған

Фото: ашық дереккөзден
Фото: ашық дереккөзден
Өңірде 333 адамнан коронавирус инфекциясы табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодар облысында өткен тәулікте 35 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv  coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

COVID-19 он екі әйел мен он бес ер адамнан, 3 кішкентай қыз бен 5 ұл баладан табылған.

«35 науқастың ішінде 31 адам – Павлодар қаласының тұрғындары, екеуі - Екібастұздан, тағы екеуі - Шарбақты ауданының тұрғындары. Кейбіреулері - бір отбасының мүшелері. Сырқаттардың дене қызуы көтеріліп, тырныс алуы қиындаған, жөтел мен әлсіздік қысқан. Тамаққа тәбеті төмендеген», - делінген хабарламада.

12 жасар балаға нақтыланбаған инфекциялық емес гастроэнтерит және колит диагнозы қойылған.

51 жастағы әйел Алматыдан ұшып келген. Ауыра бастағанда ПТР тестілеуден өтіп, вирус жұқтырғаны белгілі болды.


«92 жастағы пациентке пневмония диагнозы қойылды. Қария бірнеше жылдан бері артериалды гипертензия, дисциркуляторлы энцефалопатия, церебральды атеросклероз ауруларымен есепте тұр. Екінші топ мүгедегі. Он науқас бұрын ауырғандармен байланыста болған», - делінген ақпаратта.


Сырқаттар Павлодар мен Екібастұздың инфекциялық стационарларына жатқызылды. Жағдайлары бірқалыпты.

Айта кетейік, өңірде 333 адамнан коронавирус инфекциясы табылған.

Новости партнеров