Қырғызстанның бірқатар өңірінде төтенше жағдай енгізілді

© AP Photo / Carlos Gil
© AP Photo / Carlos Gil
Қазіргі таңда бұл елде коронавирус жұқтырған 16 адам тіркелді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков бүгін, 24 наурызда Жогорку Кенеш төрағасы Дастанбек Джумабековпен, елдің премьер-министрі Мухаммедкалы Абылгазиевпен және Жоғарғы сот төрағасы Гульбара Калиевамен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сооронбай Жээнбеков әлемдегі қиын жағдайды, сондай-ақ елде коронавирус инфекциясы қарқыны артып келе жатқанын атап өтті.  

Осыған байланысты президент Бішкек, Ош және Жалал-Абад, Ош облысының Кара-Суй, Ноокат аудандарында, Джалал-Абад облысының Созақ ауданында төтенше жағдай енгізу туралы шешім қабылдағанын айтты.

Прехидент қол қойған тиісті Жарлыққа Жогарку Кенеш қолдау білдірсе, төтенше жағдай 25 наурыз сағат 08.00-ден бастап 2020 жылдың 15 сәуірі сағат 08.00-ге дейін енгізіледі.

Аталған қалалар мен аудандардың аумағында комендатура құрылды.

Жээнбеков осы аудандардағы санитарлық-карантиндік бекеттерден өту кезінде азық-түлік және басқа да тауар таситын жүк көліктеріне баса назар аударуды тапсырды.


Новости партнеров