Бүгіннен бастап Қазақстан аумағында төтенше жағдай режимі күшіне енді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Яғни, ірі сауда орындарының жұмыс істеуі шектеліп, сауда ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, басқа да мәдениет ошақтар мен көрмелер, сондай-ақ адам көп жиналатын басқа да нысандар қызметін уақытша тоқтатты. Карантин енгізумен қатар, эпидемияның алдын алу шаралары күшейтілді. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық, сондай-ақ отбасылық, салт-дәстүр іс-шараларын өткізуге де тыйым салынды. Ал, шектеу шаралары жарияланғанға дейін ел аумағынан шығып кеткен қазақстандықтар, сондай-ақ емделу мақсатында басқа мемлекеттерге аттанған отандастарымыз елге кіре алады. Ол үшін тиісті құжаттарын көрсетуі тиіс. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жариялау туралы Қаулыға қой қойған болатын.