|
04.12.2020 | 18:42
5366

Алматы "жасыл аймаққа" оралғанымен, қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес

«Жасыл аймақта» Алматыдан басқа, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент бар

Алматы "жасыл аймаққа" оралғанымен, қалада эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес Tengrinews.kz

Алматыда эпидемиологиялық ахуал тұрақты емес. Сондықтан босаңсуға ешқашан болмайды. Қала коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша «жасыл аймаққа» қайта оралды. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінтің басшысы Жандарбек Бекшин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Жасыл аймақта» Алматыдан басқа, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстары мен Шымкент бар. Ал «сары аймаққа» Атырау, Шығыс Қазақстан облысы және Нұр-Сұлтан кірсе, қызыл аймақта Қостанай, Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облысы тұр. Бірақ қаланың бас санитар дәрігері бұл босаңсуға болады дегенді білдірмейді. Тұрғындар тазалық талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларын барынша ұстанып жүру керектігін еске салды.

«Үйде отыру керек. Неге десеңіз, міне, аурудың төмендеуі және денсаулығыңыз өз қолыңда. Ең бірінші маска режимі және арақашықтықты  сақтау», – деді қалалық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин.

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын артып келе жатқанын айта кетейік. Кешенің өзінде 819 адамнан осы дерт анықталған. Осылайша, ауруға шалдыққандардың көрсеткіші 135 мыңға жуықтап қалды. Ал, бір тәулікте 7 адам көз жұмған. Кеселдің құрбаны болғандардың саны 2 мың 63 адам.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир