COVID-19: Шетелден ұшып келген 85 қазақстандықта ПТР-анықтама болмаған

inform.kz
inform.kz
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1 желтоқсан күні Қазақстан аумағына Германия, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Қырғызстан және Өзбекстаннан 9 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Авиажолаушылардың 93% астамы Қазақстанға ПТР-анықтамамен келген. 1 237 жолаушының 1 152-сінде коронавирусқа ПТР-тест нәтижесі болған, анықтамасыз келгені – 85 адам (барлығы ҚР азаматтары). 

Оның ішінде: 

- Алматы қаласының әуежайына - 7 рейс, барлығы 1 023 жолаушы, анықтамамен - 947, анықтамасыз - 76; - Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 2 рейс, барлығы 214 жолаушы, анықтамамен - 205, анықтамасыз - 9. 

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 85 адамның тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпаратында.

Новости партнеров