Еуропада коронавирустың жаңа штамы анықталды

egemen.kz
egemen.kz
Бұл штамм Франция, Нидерланды және Данияда анықталған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еуропада COVID-19-дың «дельтакрон» деп аталатын жаңа түрі белгілі болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл штамм Франция, Нидерланды және Данияда анықталған. Ғалымдар оның жұғу деңгейі өте төмен дейді. Ал Австрияда ақпан айының басында енгізілген міндетті вакциналау процесі уақытша тоқтатылады. Науқастарда «омикрон» нұсқасының жеңіл сипаты бар екенін ескере отырып, ел билігі бұл шараны орынсыз деп таныды. Міндетті екпе егу мәселесі үш айдан кейін қайта қаралады.

«Мутациялар вирустың бетінде орналасқан спайк ақуызына қатысты емес. Бүкіл вакциналар вирустың дәл осы антигеніне антиденелер шығаруды ынталандырады. Сондықтан оның жиі мутациясы вакциналардың тиімділігіне әсер етпейді», – деді И. Ахунбаев атындағы ҚММА кафедрасының доценті Мира Ниязғалиева.

Ал Қазақстанда жағдай тұрақты. Өткен тәулікте 89 отандасымыз ауруға шалдыққан. Вирусты жұқтыру дерегі Алматы қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында жоғары. Жалпы еліміз эпидемиологиялық бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймақта орналасқан.

Новости партнеров