Коронавирус: Украинада рекорд жаңарып, Франция мен Британияда «қызыл аймақтар» пайда болды

bbc.com
bbc.com
Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, елде 96,7 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып, 5 892 адам қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бельгия ауруханаларының Covid-19 ауруын емдеу бөлімшелерінде 50%-дан астам орын толып қалды. Нидерланды, Украина мен Германияда вирусқа шалдығушылар рекорды жаңарды, Франция мен Ұлыбританияда аса қатаң карантин ережелері бар «қызыл аймақтар» пайда болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Израиль билігі елде қыркүйектің ортасында қайта енгізілген локдаун нәтиже бергенін, яғни инфекцияның таралуы бәсеңдегенін хабарлады. 

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, соңғы тәулікте елде Covid-19-дың 4,1 мың жаңа жағдайы анықталған. Бірақ үшінші күн қатарынан көрсеткіш төмендеуде. Израильде пандемия басталғалы бері коронавирусқа шалдығу жағдайларының жалпы саны 282 мыңнан асады. 

Еурапада жағдай нашарлап барады 

Германияда соңғы тәулікте төрт мың адамнан ауру анықталған. Бұл – сәуір айының басынан бергі ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш. Өткен сәрсенбіде 16 адам көз жұмған. Билік мұны пандемияның екінші толқынымен ғана емес, қыркүйектен бері елде тестілеу көлемінің айтарлықтай артуымен де байланыстырады. 

Украина билігі тәуліктік рекордтық көрсеткішті растады. Соңғы 24 сағатта 5 397 адам ауруға шалыққан. Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, елде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 252 мың адамды құрайды, 4800-і қайтыс болған. 

Бейсенбі күні Францияның бес қаласы, Лилль, Лион, Гренобль, Сент-Этьен және Тулуза жоғары қауіп аймақтары болып жарияланды. Аталған қалалардың барлығында инфекцияның таралу көрсеткіші 1000 адамға шаққанда 250-ден асқан. Жақында ел президенті Эммануэль Макрон Францияның көптеген аймақтарына да Париж бен Марсельде қолданылып жатқан қатаң шараларды енгізу керек деп мәлімдеді. Соңғы тәулікте бүкіл ел бойынша реанимация бөлімшелеріне коронавирус инфекциясын жұқтырған 143 науқас түсті. 

Нидерландыда соңғы 24 сағат ішінде бес мыңға жуық адамға Covid-19 диагнозы қойылған. 

Италияда төтенше жағдай 2021 жылғы қаңтар айына дейін ұзартылды. Мұнда далада да, ғимарат ішінде де маска тағу міндеттелді. Бұл талап Италияның барлық аймағына қатысты. 

Швецияның интернаттары мен қарттар үйінде жағдай күрт нашарлап кетті. 

Еске сала кетейік, Швеция – пандемиямен күресу үшін карантин енгізбеген санаулы елдердің бірі. Джонс Хопкинс Университетінің мәліметі бойынша, елде 96,7 мыңға жуық адам коронавируспен ауырып, 5 892 адам қайтыс болды.

Новости партнеров