|
20.03.2020 | 14:07
6605

Қазақстанда короновирустан өлім жағдайы тіркелген жоқ – Тоғжанов

Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 млрд-тан астам қаржы бөлінеді

Қазақстанда короновирустан өлім жағдайы тіркелген жоқ – Тоғжанов ortcom.kz

Қазақстанда короновирустан өлім жағдайы тіркелген жоқ. Ол туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов та брифингте мәлімдеді, деп хабарлады Almaty.tv.

Оның айтуынша, елімізде кеселдің жолын кесу үшін кешенді шаралар мен шешімдер қабылданып жатыр. Әсіресе әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр.

Азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін 32 млрд-тан астам қаржы бөлінеді. Премьер-министрдің орынбасары халыққа бірінші қажеттіліктегі тауарлардың бағасын көтергендер қатаң жазаға тартылатынын айтты. Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында салықтан босату жеңілдіктері қарастырылған. Сонымен қатар, қызметкерлердің еңбек құқықтарын сақталуына Үкімет ерекше назар аударып отыр.

«Қазіргі таңда бүгінгі жұмыс орындарын сақтаумен қатар, 431 мың жаңа жұмыс орнын ашу міндеті алдымызда тұр. Осыған орай Үкімет тарапынан 300 млрд. теңге қарастырылып, «Жұмыспен қамту» жол картасы бүгінде әзірленді. Осыған орай жеке мекеме басшыларының, бизнес қоғамдастықтарының жұмысшыларының еңбек құқықтарын қамтамасыз ету, қысқартуға жол бермеу арқылы, әлеуметтік келеңсіздіктердің алдын алуға, бүкіл елді, азаматтардың барлығын шақырамыз», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ.

Сонымен қатар, медициналық бетперделермен қамту Үкіметтің тұрақты бақылауында деді Ералы Тоғжанов. Елімізде күніне 360 мың бетперде шығарылып жатыр. Алдағы күндері оның көлемін 1 млнға дейін жеткізу көзделуде. Ал, азық-түлікке келетін болсақ, мемлекеттік қорда тамақ, гигиеналық заттар жеткілікті деп мәлімдеді. Бұдан бөлек, басқа мемлекеттердің экспорттаушыларымен қажетті тауарларды елге жеткізу бойынша келісімдер жасалып, кедендік бекеттер бұрынғы режимде жұмыс істеуде. Бірақ тек жүк көліктерін ғана өткізеді. 4 тауар түрі бойынша импортқа тәуелдіміз. Ол: қант, құс еті, тұз, сары май. Ішкі нарықты қажетті тауарлармен қамтамасыз етуге өзіміздің де қауқарымыз жеткілікті деді премьер-министрдің орынбасары.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир